Жәнібек Әлімханұлы мен экс-бапкердің арасын қомақты қаржы алшақтатқан

Жаңалықтар
view 122
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Америкалық атақты бапкер Джеймс «Бадди» Макгирт қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлымен келісімнің не себепті тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 2023 жылы Жәнібек Әлімханұлы Винченцо Гуальтьериге қарсы орта салмақтағы екі чемпиондық белбеу үшін өткен біріккен жекпе-жекке аз уақыт қалғанда Макгиртпен жұмысын тоқтатқанын жариялаған болатын. Сол уақыттан бастап қазақстандық боксшының жаңа бапкері ретінде Брайан Вилория қызмет атқарып келеді.

Шындығын айтсам, мәселе ақшаға келіп тірелді. Біз бастапқыда белгілі бір сомаға келістік. Бірақ табыс өсе бастаған соң, олар келісімді қайта қарағысы келді. «Бұл 8 жекпе-жек бұрынғы әңгіме, оны қайдан есіңде сақтап жүрсің?» деп жауап қатты. Ал мен үшін бұл әділетсіздік болды. Кейін ол әлдеқайда үлкен гонорарға ие болатын жекпе-жек алды. Бірақ маған ұсынылған ақша бетке түкіргенмен тең еді. Сол сәтте мен: «Жарайды, сәттілік тілеймін» деп лагерьге бармадым. Менде ешқандай жеккөрушілік жоқ. Әлі күнге дейін оның әр жекпе-жегінің алдында Instagram-да сәттілік тілеймін. Ол мені «OG» деп атайды, мен оны «жас қан» деймін. Бірақ бір нәрсені нақты айтқым келеді: мен өз еңбегімді бағаламайтын бағаға жұмыс істей алмаймын. Оның алғашқы 6 раундтық айқастарына бірге шықтым, ал үлкен жекпе-жектер келгенде маған тиын-тебен ұсынды. Бұл дұрыс емес. «Сен маған отбасымдайсың» деп айта тұра, ақшада алдамақ болу әділетсіздік, деді ол MillCity Boxing басылымына берген сұхбатында.

Екеуі сол үшін ортақ келісімге нүкте қойған. Бұл бизнес болғандықтан, бапкердің боксшыға жеке реніші жоқ екен. Достық қалсын, бірақ жұмыс басқа нәрсе деген ұстанымда ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *