Таразда тағы бір оқушы суицид жасады
Фотосурет: dzen.ru
Қайғылы жағдай 23 қыркүйекте күндіз болған. Анасы біраз уақытқа үйден шығып кеткенде, қызы қорадан асулы күйде табылған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
№26 орта мектептегі 9-сынып оқушысының неге мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Қазір полиция тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша іс қозғалды.
Қаза тапқан қыз – соңғы 2 айда өңірде өмірімен қош айтысқан жетінші бала.

Бұл жағдайға байланысты облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс тобы құрылып, отбасыға қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Айта кету керек, марқұм ешқандай есепте тұрмаған, үлгерімі жақсы, сабырлы, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болған. Тәртіп бұзу фактілері тіркелмеген, – делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.
Пікірлер (0)