Жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттырады
Фотосурет: Ult.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуы цифрлық жаңғырту ісімен тығыз сабақтасып жатқанын алға тартты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуға тиіс. Әрине, елімізде суперкомпьютердің іске қосылуы – зор жетістік. Бірақ мұны Үкімет те, бүкіл қоғам да Қазақстанды шын мәнінде цифрлық мемлекетке айналдыратын жан-жақты және қарқынды жұмыстың бастауы ретінде қабылдауға тиіс. Осы міндетті тиімді орындау үшін Үкімет цифрландыру ісі мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған Digital Qazaqstan атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлейді. Онда бастамалар мен жобалардың бәрі жалпыұлттық стратегия аясында біріктірілетін болады, - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, еліміздің түбегейлі цифрлық жаңғыруын халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бастайтын жол дей аламыз. Ол үшін мемлекет әр азаматтың лайықты табыс тауып, сапалы әлеуметтік қызмет алып, ертеңгі күніне сенімді болуы үшін барынша жағдай жасай бермек.

Себебі қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыру және елдің жан-жақты өрлеуін қамтамасыз ету. Еліміздің халықаралық беделін арттыру жолындағы күш-жігеріміздің түпкі мәні де – осы, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер (0)