Футболды коммерцияландыру ісін жалғастыру керек - президент

Жолдау
view 23
news

Фотосурет: Милош Муратовский

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуы саласына бұрынғыдай айрықша мән беретінін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тиісті инфрақұрылымды саламыз және қажет болса жөндеуден өткізіп, қалпына келтіреміз. Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге паш етіп жатыр. Бұл – құрметке лайық жұмыс. Сондықтан мәдениет қайраткерлеріне қажетті қолдауды көрсетеміз. Бірақ олар жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек, - деді мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ ол өзінің бұқаралық спортты дамытуға баса мән беретінін атап өтті. Айтуынша, қазір аймақтарда спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Үйірмелер балаларға қолжетімді бола бастаған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға және егде адамдарға арналған спорт клубтары ашылып жатыр. Сондай-ақ кәсіби спорт саласында оң өзгерістер бар.

Мен бұған дейін шетелден келген спортшыларға бюджеттен қаржы бөлуді шектеу туралы тапсырма бердім. Депутаттар бұл бастаманы қолдап, арнайы заң қабылдады. Бұл – өз спортшыларымызды қолдауға арналған маңызды қадам. Бірақ мұнымен шектеліп қалуға болмайды, алға қарай жүруіміз керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы орайда ол футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керектігін де ескертті.

Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз. Қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн, - деді одан әрі президент.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *