Жарын тұмшалап, ашық киінген қызбен құшақтасты: Төреғали тағы да даудың ортасында (видео))

Жаңалықтар
view 89
news

Коллаж: SN

Танымал әнші Төреғали Төреәлі тағы да жұрттың сынына ұшырады. Әлеуметтік желілерде тараған видеода отбасылы әнші ашық киінген белгісіз бойжеткенмен емен-жарқын құшақтасып тұрғаны байқалады. Видеоның нақты қайда, қашан түсірілгені белгісіз болғанымен, көпшілік арасында қызу талқы тудырды, деп хабарлайды janabastau.kz. 

Қыздың еркін, ашық киімі мен әншімен тым жақын қарым-қатынасы – көп қолданушыны бейжай қалдырмады.

"Жарыңызды тұмшалап, өзгемен еркін жүре беретін болсаңыз, ол қандай адалдық?"
"Әйелі үйде отыр, бұл кіммен жүр?"
"Қызбен құшақтасу ерлік пе, ерсі қылық па?" – деген сыни пікірлер әлеуметтік желілерде қарша борады.

 Халықтың сенімі мен жұлдыздардың жауапкершілігі

Желі қолданушыларының басым бөлігі қоғам алдындағы жауапкершілікті еске салды. Әсіресе отбасылы, көпшілікке танымал адамның мұндай еркін қарым-қатынасы үлгі болуға тиіс пе, жоқ па деген мәселе қызу талқылануда.

"Төреғали – тек әнші емес, көптің кумирі. Ол өз ісімен де, сөзімен де тәрбие береді. Мұндай бейқам әрекет – үлгі емес," – дейді желі қолданушыларының бірі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *