Жас теннисшілеріміз Корея құрамасымен кездесетін болды

Жаңалықтар
view 150
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионаты Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша Әлем чемпионатына іріктеу жарысының топтық бәсекелері аяқталды,  деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Қазақстандық қыздар D тобында үш кездесуін де жеңіспен түйіндеді.

Қазақстан құрамасы Өзбекстан мен Иран командасын 3:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтты. 

Бүгін әлемдегі мықты құрамалардың бірі — Аустралияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Алдымен Ясмин Дүйсембаева Силлек Муземаны 6:2, 6:4 есебімен қапы қалдырды. Тамина Сәкен де Джексон Керессаның осал тұсын тапты — 6:4, 6:4.

Жұптық сында ғана Мәриям Нұржан /Дүйсембаева Музема /Керессаға жол берді — 3:6, 2:6.

Осылайша Марат Шәріповтің шәкірттері өз тобынан ширек финалға бірінші орынмен шығып, 5 сәуір күні Корея құрамасымен кездесетін болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *