Жедел-жәрдем 20:00 ден кейін хабарласқандарға келмейді - Министр жауап берді

Жаңалықтар
view 190
news

Сурет: Ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем бригадалары қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды  janabastau.kz.

"Жедел медициналық көмек бригадасы осы уақытқа дейін қалай жұмыс істесе, солай жұмысын жалғастырады. Яғни, аптаның жеті күнінде, тәуліктің жиырма төрт сағатында істейді. Олар бірінші, екінші, үшінші санатты шақыртуларға қызмет көрсететін болады",  – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Сөзінше, төртінші санатты шақыртулар емханаларға беріледі.

“Бастапқыда бұйрық жобасында жедел медициналық жәрдем қызметі 1, 2 және 3 санаттағы науқастарға тәулік бойы қызмет көрсететіні және жұмыс істейтіні айтылған. Ал 4-санаттағы науқастарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жылдамдығын қамтамасыз ету мақсатында 4-санаттағы науқастарды түнгі уақытта жедел медициналық жәрдем станциясына көшіру, ал поликлиникаларда жұмыс уақытын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қалдыру ұсынылады", – деді Әлназарова.

Айта кету қажет, жедел медициналық көмек көрсету ережесіне енгізілген жаңа түзетулерде жәрдем жәрдем шақырудың 4 шұғыл санаты белгіленген.

- 1-санаттағы шұғыл шақыру – дереу медициналық көмекті қажет ететін өміріне тікелей қауіп төніп тұрған науқас;

- 2-санаттағы шұғыл шақыру – медициналық көмексіз өміріне ықтимал қауіп төніп тұрған науқас;

- 3-санатты шұғыл шақыру – медициналық көмексіз денсаулығына қауіп төніп тұрған науқас; 

- 4-санаттағы шұғыл шақыру – ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп төндірмейтін, жедел аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған науқас.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *