Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын
Фотосурет: REUTERS/Thomas Peter
Украина президенті Владимир Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында Батыс елдерінің көшбасшылары мен Түркия Украина мен Ресей президенттері арасындағы кездесуді бірқатар елде өткізуді ұсынғанын жеткізді. Оның ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Біз Түркияны, Сауд Арабиясын, Қатарды, Австрия мен Швейцария сияқты бейтарап еуропалық елдерді ұсындық. Тіпті егер сіздер Қазақстанда өткізгіңіз келсе де біз дайынбыз. Бар болғаны – осы, – деді Владимир Зеленский.
Тележүргізушінің нақтылау сұрағына ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін тағы бір мәрте растады.
Бұған дейін Путин Зеленскийді Мәскеуге шақырған, бірақ Украина басшысы одан бас тартып, керісінше, Путинді Киевке шақырды.
Айта кетсек, жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Зеленскиймен кездесіп, Украинадағы жағдай бойынша пікір алмасқан еді. Сол сәтте Тоқаев бұл күрделі ахуалда қақтығысты тоқтату жолдарын іздеуге бағытталған дипломатиялық жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.
Пікірлер (0)