Сырдария ауданында бойжеткен әкесін сотқа берді

Жаңалықтар
view 99
news

Фотосурет: dzen.ru

Қызылорда облысында бойжеткен үйдегі заттарды қиратып, отбасының мазасын қашырған әкесін сотқа берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі бойынша азамат У.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралған.

Азамат У. жәбірленуші Қ.-ға былапыт сөздер айтып, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, отбасын сыйламайтынын көрсеткен, - деп жазылған хабарламада.

Сот отырысында отағасы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, татуласқанын айтып, істі тоқтатуды сұраған. Жәбірленуші Қ. жазбаша арызында әкесіне кешірім беретінін атап өткен.

Сот қаулысымен У. тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды, - деп жазылған сот хабарламасында.

Сонымен қатар оған 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *