«Біреулер аяқтан шалғысы келген»: «интим массажда ұсталған» Қабатов жағдайды түсіндірді

Жаңалықтар
view 99
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде өзі туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Кейбір сайтта «Тұрсынбек массажға барыпты» деген жалған ақпарат тарап жатыр. Оған сенбеуді сұраймын. Мен ешқайда бармадым, ешкімге ұсталған жоқпын. Бәлкім, концертімнің алдында біреулер аяқтан шалғысы келген шығар. Бұл өтірік ақпарат. Мен 15 күннен бері Алматыдамын. Бір апта бағдарлама жүргіздім. Қала күні болды, екі күн соны жүргіздім. Бүгін де Алматыдағы іс-шарада жүрмін. «Манхэттен» деген жерді білмеймін. Дәлелсіз, жалған ақпарат таратып жатыр, – деді Тұрсынбек Қабатов.

Айта кетсек, бұған дейін бірқатар сайт пен әлеуметтік желілерде «Тұрсынбек Қабатов интим қызмет көрсететін салондардың бірінде ұсталды» деген қауесет тараған болатын.

Кейбір жазбада әзілкештің «Манхэттен» тұрғын үй кешеніндегі массаж салонының тұтынушысы болғаны, жасырынуға тырысқаны және кейін ауруханаға түскені туралы да мәлімет берілген. Дегенмен Қабатов бұл ақпаратты толықтай жоққа шығарып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *