Жер сілкінісі: ауғандық құтқарушылар тек ерлерге көмектескен

Жаңалықтар
view 119
news

Фотосурет: reuters.com

Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін құтқарушылар әйелдерге назар аудармаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ешкім әйелдерге көмек ұсынбады, не қажет екенін сұрамады, тіпті оларға қарамады, – деп жазды The New York Times басылымы.

Бұл ретте елдегі мәдени норма бойынша әйелдерге бөгде ер адамдардың қол тигізуіне қатаң тыйым салынады. Сол себепті еріктілер мен құтқарушылар үйінді астынан ерлер мен ұл балаларды шығарып алған. Әйелдер мен жасөспірім қыздарға қауіп төнгенмен, оларға көмек кешіктірілген.

Еске сала кетсек, 4 қыркүйекте Ауғанстанда магнитудасы 5,6 балл болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Эпицентрі Желалабад қаласынан 41 шақырым солтүстік-шығыста болған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *