Қазақ студенттері үшін «Ұлыны үйренемін» атты орыс тілі мектебі ашылды
Фотосурет: yandex.kz
8-11 қыркүйек аралығында Талдықорғанда «Ұлыны үйренемін» атты орыс тілі мектебі жұмысын бастайды. Шара Қазақстанның барлық ЖОО студенттеріне арналған және орыс тілін шет тілі ретінде оқыту дағдыларын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Қазақстандағы Ресей елшілігіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ұлыны үйренемін» мектебі І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында құрылған жаңа «Орыс тіліндегі ашық білім беру орталығының» алғашқы жобасы болмақ. Ал І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – өңірдегі ең ірі әрі жетекші көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі.
Орталықтың басты мақсаты – орыс тілін кеңінен тарату және осы саладағы педагогтердің біліктілігін арттыру. Сондықтан «Ұлыны үйренемін» орыс тілі мектебі РФ Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен іске асып отыр. Енді бұл жоба Қазақстанда орыс тілін шет тілі ретінде оқыту деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Пікірлер (0)