Талғарда ұрланған қыздың тіліне 8 тігіс салынды
Фотосурет: myseldon.com
Алматы облысының Талғар қаласында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.
Еске сала кетсек, бұған дейін ер адам жергілікті тұрғынды атып өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлап қашқан болатын. Нақты айтқанда, 6 қыркүйекте күдікті бұрынғы жақын қарым-қатынаста болған әйелмен жанжалдасып, оның ағасымен жағаласып қалған.
Адвокат Гаухар Сариева Instagram-дағы парақшасында бүлдіршіннің қазіргі жағдайын хабарлады. Оның айтуынша, балаға шұғыл ота жасалып, тіліне 8 тігіс салынған.

Қылмыскер кішкентай қызды көлікке мінгізіп алып, бірге аударылып түсті. Сол кезде бүлдіршін жарақаттар алып, тіліне тігіс салынды. Қылмыскер баланы ұрған жоқ. Оның тірі қалғанына шүкір, – деді адвокат.
Оқиға кезінде баланың анасы үйде болмаған. Сол кезде ол онкологиялық науқас көршісіне дәрі қойып жатқан.

Дәл осы сәтте қылмыскер келіп, оны және қызын іздеген. Егер әйел үйде болғанда, жағдай мүлде басқаша өрбуі мүмкін еді, – дейді адвокат.
Пікірлер (0)