Жетісу облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапты

Жаңалықтар
view 93
news

Фотосурет: Military-kz.ucoz.org: UGC

23 қыркүйекте Жетісу облысындағы «Алажида» әскери полигонында келісімшартсыз әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз оқ жарақатын алып, қайтыс болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу гарнизонының Десанттық-шабуылдау әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, жауынгерлік дайындық кезінде сарбаз қаруды абайсыз пайдалануы салдарынан оқ тиіп, алған жарақаты өміріне қауіпті болып шыққан.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер жауапты лауазымды азаматтардың салғырттығы немесе бақылаудың жеткіліксіздігі анықталса, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Оқиға Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды, – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ Қарулы күштердің басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 17 қыркүйекте Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде асылып тұрған сарбаздың денесі табылған еді. Ресми түрде Дінмұхамед Шынарбектің өлімі суицид деп танылғанмен, оның туыстары бұл нұсқаға күмән келтіріп, істің жан-жақты тергелуін талап етіп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *