Биыл бокстан жүлде қоры артқан тағы бір әлем чемпионаты өтеді
Жаңалықтар
110
Фотосурет: olympic.kz
Биыл бокстан қосымша әлем чемпионаты өтуі ықтимал. Бұл жөнінде Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлёв мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sportinside.kz-ке сілтеме жасап.

Жақын арада әлем чемпионаты туралы ресми хабарлаймыз. Бұл турнир сөзсіз өтеді. Біз оны IBA тарихындағы ең ірі додаға айналдыруды көздеп отырмыз. Спортшыларға ұйымдастыру жағынан да, қаржылай сыйақы тұрғысынан да ерекше жағдай жасаймыз. Жүлде қоры да артады, оның көлемін алдағы уақытта жариялаймыз, – деді Умар Кремлёв.
Еске сала кетсек, бокстан ерлер арасындағы соңғы әлем чемпионаты 2023 жылы Ташкент қаласында өткен болатын.
Пікірлер (0)