«18 жасымда алып қашып, көп ұзамай ажырастық»: Шерхан Қалмұрзаның анасы сыр шертті

Жаңалықтар
view 332
news

Фотосурет: дереккөз

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева баласының футболшы болуына кім ықпал еткенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Әкем Еділхан Рабаев – футболға жақын, кезінде өзі де ойнаған әрі бапкер болған кісі. Шерханның спортқа қадам басуына да себепкер – сол кісі. Бүгінде өзінің балаларды жаттықтыратын жеке мектебі бар, - дейді Сәуле Рабаева.

Осы орайда ол «Шерханның спортқа деген алғашқы қызығушылығы қалай басталды?» деген сұраққа толыққанды жауап берген.

Ол кішкентайынан өте ширақ, спортқа бейім болды. 4-7 жас аралығында джиу-джитсуға қатысып жүрді. Шерханның кішкентайынан бойы ұзын, денесі ірі болды. Жарыстардың бірінде оны өзінен бірнеше жас үлкен балалармен жекпе-жекке шығарды, екеуін жеңді, сөйтіп 12 жастағы қарсыласынан ұтылып қалып, әбден ызаланып жылағаны бар. Ашуым келіп, баламды үйірмеден алып кеттім. Бөтен біреудің әділетсіздігінің құрбаны болғанын қаламадым. Әйтпесе жап-жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген. Жарыстан келген соң әкем немересін футболға беруді қалайтынын айтты. Біздің әулетте ұл бала жоқ, 3 қызбыз. Бірақ әкем маған кішкентайымнан футбол ойнауды үйреткен. Өзім спортқа құмар болсам да кәсіби жалғастыра алмадым. Кейін 18 жасымда тұрмысқа шықтым, Шерханның әкесі алып қашып кетті. Алайда көп ұзамай айырылыстық, жаспыз, екеуміз де баламыз.

Шерханның әкесі бокстан кадеттер арасында әлем чемпионы атанған талантты жігіт еді, дегенмен ажырасқан соң баланың тәрбиесіне де, өміріне де араласқан емес. Сөйте тұра спортқа бейімділігі әкесінің де қанымен берілген шығар деп ойлаймын», - дейді жас ана.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *