Қытай көліктері рак ауруын тудырады - Мейіржан Әуелханұлы
Фотосурет: ©AP Photo/Ng Han Guan
Әлеуметтік желіде белгілі IT маманы Мейіржан Әуелханұлы Қытайдан шығарылатын жаңа көліктердің қауіпіне қатысты дабыл қақты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ аұпарат агенттігі Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қытайда жаңа көлік сатып алған орта жастағы ер адамның екі айдан соң денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер одан ақ қан (лейкоз) диагнозын анықтаған.

Осы оқиғадан кейін Қытайдағы зерттеу институттары мен журналистер бірігіп, 60-қа жуық жаңа көлікті ыстық күннің астында қалдырып, сынақ жүргізген. Нәтижесінде 60 көліктің 58-інде пластик пен химиялық элементтердің мөлшері шектен тыс жоғары болып шыққан. Бұл адам ағзасына зиянды реакция беріп, түрлі рак ауруларын тудыруы мүмкін, – деді Мейіржан Әуелханұлы.
Айтуынша, дәл осы тақырып қазір әлемдік медиада қызу талқыланып жатқан көрінеді. Ол қазақстандықтарды арзан баға мен жарқыраған салонға алданып қалмауға шақырды.

Біздің елімізде де Қытай көліктері көбейіп кетті. Бағасы қолжетімді болғанмен, денсаулық бәрінен қымбат. Ақша да, таңдау да өздеріңізде, – деп ескертті Мейіржан Әуелханұлы.
Пікірлер (0)