«Тәнқұмарлыққа үйретпеңдер!»: балабақшада екі бүлдіршін сүйіскен
Фотосурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген бейнежазба қызу талқыға түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода шамамен 3-4 жастағы қыз бен ұлдың сүйісіп жатқан сәті анық көрінеді.

Біз ұлымызды балабақшаға үйренісе алмай жүр деп уайымдап жүрсек... - деп мақтанды бейнежазбаны желіге жүктеген әйел.
Бұл көрініске байланысты жұрттың пікірі екіге жарылды. Бірі «балалық қой, ойнап жүр» деп мән бермесе, енді бірі «тәрбиешілер қайда қарап отыр, бұл нағыз сорақылық» деп ашуланды.

Күлетін нәрсе емес, әр адамның жеке кеңістігі бар, тәнқұмарлыққа үйретпеңдер, онсыз да ерте жүктілік өте көп», «Қыздың әкесі көрмесін», «Баланы жастан тәрбиелеу керек», «Бұл – мақтан көретін емес, қорқатын әрекет, - деп жазды көпшілік.
Пікірлер (0)