«Инвестиция орнына Тариф» бағдарламасы аймақтағы жылу және электрмен жабдықтау желілерінің тозуын төмендетуді көздейді. Мәселен, өңірде электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 66,18% ,ал, сумен жабдықтау желілері бойынша 50,99% , су бұру желілері бойынша 59,57% , жылумен жабдықтау желілері бойынша 55,67% құрайды. Бұл мәселелер туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Думан Қалибеков айтып берді.
«Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасының негізгі міндеті электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау салаларындағы желілердің тозуын кем дегенде 15% – ға төмендету. Бұл апаттар мен ажыратулар санын азайтуға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді,-деп сендірді спикер.
-Осыған байланысты, ҚР қолданыстағы «Табиғи монополиялар туралы» Заңына және №90 тарифтерді қалыптастыру ережелеріне өзгерістер пакеті дайындалды. Бұл өзгеріс табиғи монополиялар субъектілерінің теңгеріміне иесіз желілерді пайдалануға және кеткен шығындарды тарифке қосуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етеді, авариялар мен ажыратулар санын азайтады. Сондай – ақ, бұл тұста өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысын өзгерту көзделген, – деді облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Думан Қалибеков.
Бұл өзгерістер жұмыс істейтін және білікті мамандардың жалақысының өсуіне септігін тигізіп, көрсетілетін қызметтердің сапасына да оң әсер етеді. Желілерді күрделі жөндеуге арналған шығындарды қосу жолымен инвестициялық бағдарламаларды өзгерту үшін негіздер жеке көзделген. Бұл ретте, бүгінгі күні электрмен жабдықтау саласындағы желілер бойынша орташа тозу 66,18%, сумен жабдықтау желілері бойынша 50,99%, су бұру желілері бойынша 59,57%, жылумен жабдықтау желілері бойынша 55,67% құрайды. Оның ішінде: «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК – 49,1%, «Степногорск Теплотранзит» ЖШС – 81,9%, «АЭҮК» АҚ – 63,9%, «Көкшетау Энерго»ЖШС – 80,1%, «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК – 49% СУ, 73% бұру, «Степногорск Водоканал» ШЖҚ МКК»- 30% су.
-Сонымен қатар, тариф деңгейі табиғи монополиялар субъектілері беретін өтінімге байланысты болады, ол мұқият және жеке көп адамдар мен жұртшылықты тарта отырып қаралады. Әзірге деңгей белгісіз, бірақ ол бір реттік емес, кезеңдерге бөлінетін болады. Бұдан басқа, тұтынушылардың салынған қаражатын бақылау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, халықтың мұқтаж санаттарына қолдау көрсетіледі. Мәселен, Департамент қолданыстағы заңнамаға халықтың әлеуметтік осал топтарына тарифтерді қолдану үшін «әлеуметтік халық» тұтынушыларының жаңа тобын қосу бөлігінде өзгерістер жолдады, – деп түсіндірді Думан Қалибеков.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуникалды шаруашылығының басқарма басшысының орынбасары Светлана Бейсенова бүгінгі күні тарифті тежеу мақсатында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тарифтік сметаларында отын (мазут, көмір) сатып алуға бюджеттік субсидиялар көзделгенін айтты. Жыл сайын энергетика және тұрғын үй коммуникалды шаруашылығының басқармасы арқылы облыстың 3 кәсіпорнына жылыту маусымынан өтуге жеңілдікпен мазут сатып алуға бюджет қаражаты бөлінеді. Сонымен қатар, жылыту маусымына дайындық аясында жөндеу науқанын жүргізуге қаражат бөлінеді. Тарифтің көтерілуі,жоғарыды айтылғандай , желілердің тозуын ескере отырып, жеке тәртіппен, кезең-кезеңімен, халық арасында негізсіз өсуге және әлеуметтік шиеленіске жол бермей қаралатын болады.
Пікірлер (0)