САН МАҢЫЗДЫ МА САПА МАҢЫЗДЫ МА?
Редакция таңдауы
155
Адам баласы жаратылғалы оның өсуі мен өшуі, өркендеуі мен құлдырауы, көбеюі мен азаюы табиғи процес ретінде өзімен бірге жасап келеді.
Кезіндегі қанды қырғын соғыстарда небір қыршын боз-дақтар келуінен кетуі тез болып шаһит кешіп жатты. Себебі олардың миссиясы елін жерін қорғау болатын. Бұл әрине өзіміз құдайдай сенетін ішкі патриотизміміздің қалауы. Шын мәнісінде адамдардың көптеп қырылуы Гитлер, Сталин
сияқты ұлы диктаторлардың қатыгездігі болатын. Бірақ оған мыңқ ететін олар ма?! «Германияның қырылған барлық әскерін Париждің бір түні толықтырады» - деген тәріздес әзіл шыны аралас сөздер сөйлейтін мінберден.
Адам өсімі тым шарықтап кеткен кездерде Құдай тағаланың қалауымен (кейде адамдар қолынан) індеттер мен оба қаптап белгілі бір мөлшерде азайтып та отырған. Өйткені адамның бір аты пенде ғой. Адам көбейген сайын жер бетіндегі күнә мен жаманшылық көбейеді. Адамның саны артқан сайын жер бетінде қатыгездік пен мейірімсіздердің саны артады. Мысалы қарап отырсаңыз бірнеше миллион әскері бар қолбасшы тыныш отырғысы келе ме?! Әрине жоқ. Оның әскері көп болған сайын жаулауға, қан төгуге деген құмарлығы да тура солай күннен күнге өрши түседі.
Бірақ, ұлан байтақ жері бар шетсіз шексіз даласы бар біздің қазақ мемлекеті үшін әлі де адам құндылығы бірінші орында. Елге сүйеу болар ер керек, жерге ие болар ұл керек. Кешегіде жұмыстастарымыздың өзара әңгімесінде естіп қалдым. Әдеміше келген келіншек екі баласы бар. Енді бала тууға құлқы жоқ екенін айтып мұңын шағып жатыр қасындағы құрбысына. Себебін сұраса асырай алмайды - мыс. (Бірақ арғы жағынан дене бітімімді бұзамын, әдемілігімді жоғалтамын деген ой қылаң беріп тұрғанын бәріміз де сезіп отырмыз). Біздің қазіргі қоғамның қасіреті де сол. Бір не екі баладан артық бала болғанын қаламайды. Айтатын сылтаулары зат қымбат, киім қымбат, оқу қымбат асырап сақтай алмаймыз. Бұл жағынан мемлекеттің де айыбы бар деп ойлаймыз. Туғанда сосын ай сайын бірнеше жаялықтың ғана ақшасын бермей бірнеше миллион теңге төлесе (кемінде бір миллион) онда қазақтың демографиясы рекорд жаңартар еді. Қазір ата-анасын қарамайтын қарттар үйіне апарып тастайтын «опалы» перзенттер көбейді. Оның салдары мейірімсіздікте. Бауырмалдықтың жоқтығынан. Не ішем, не жейім демей жалғыз өзі бір отбасында шалқып өскен балада біреумен бөлісу, біреуге қарайласу деген сыңайлы сезімдердің баршын тартып тұрары сөзсіз. Керісінше бірінің киімін бірі киіп, біріне жетпесе бірі беріп, бір нанды бөлісіп жеп, бір великті кезек тепкен бір үйдің балалары бауырмалдықтың не екенін жан - тәнімен жүрегімен сезініп өседі. Ол даусыз. Қазір қоғамда жалғыздық белең алып барады. Бүкіл қоғам жалғыздықтан зардап шегіп жатқандай. Немесе өз өзіне қол салу дейсіз бе, түрлі ақуалдардың көбеюі де адамның өз өміріне деген құрметсіздігінен. Өз өмірінің қадірін толық сезінбегендіктен. Бұл да туғаннан адам болып қалыптасқанша бір өзі ғана өсіп, бүкіл қалаған нәрсесіне қол жеткізіп келіп енді үлкен өмірге қадам басқанда алдынан шыққан кішкентай кедергілерге сынып кетіп жатқандықтан. Қош. Қоғамның біраз жіңішкеріп кеткен тамырын басып көргендей болдық. Осы жерден сәл қайыра тұрып өзіміздің Қосшы қаласының демографиясы туралы сөз қозғасақ. Біздің қала шағын. Енді -енді тамырын кеңге жайып өркендеп келеді. Тұрғылықты тұрғындардан бөлек көшіп келіп жатқандар да көп. Бізге қашанда нақтылық маңызды екенін ескере отырып соңғы екі жылдағы статистикалық мәліметке жүгініп көрмекпіз. 2022 жылдың бірінші ақпанындағы санақ бойынша Қосшы қаласында 49152 адам бар деп тіркелген. Енді ғана құрылған шағын қала үшін әжептәуір жақсы көрсеткіш. 2023 жылдың бірінші ақпанындағы санақ 52463 адамды құрайды. Жалпы процентке шаққанда 6,7 пайыз. Басқа шағын қала, аудандармен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш деп білеміз. Мысалы осы жылдың қаңтарындағы демографиялық ақуалға зер салар болсақ нақты статистикаға қол жеткізетін тәріздіміз. Осы қаңтарда 68 бала туылған. Сонда күніге 2 немесе 3 бала туады деген сөз. 7 адам қайтқан. 8 отбасы некеге отырған. 1 отбасы ажырасқан. Осы цифрды 12 айға көбейтіп есептегенде нақты осы қалада дүниеге келген сәбилермен дүниеден өткен жандардың толық саны қылаң береді.
Айналамызға қарап отырсақ бүкіл әлем санға емес сапаға жұмыс жасай бастағандай. Бастағандай емес бастады. Бізге де сол сатыға өту керек деп ойлаймыз. Мысалы қарап отырсаңыз небәрі 6 миллион халқы бар Дания мемлекетінен 13 Новель сыйлығының иегері, қаншама әлемге танымал брендтер шығып отыр. Ал біздің халық санға емес сапаға бұрыннан қатты мән беріп қарайтын. Оған көптеген мысалдар мен ертегі-аңыздар куә. Дінімізде де тура солай. Сапалы ұрпақ мәселесін насихаттайды. Оған бір рулы ел боп қалған Дәуіттің отыз ұлдан бір намаздың үстінде айырылып сол отызға татитын он сегіз мың ғаламның тілін білген дүр Сүлейменді жаратқан нәсіп етуі. Бұл міне сапа. Бәріміз жатқа білетін Ертөстік ертегісіндегі Ерназардың 8 ұлын жоқтатпай келген 9 - Төстіктің прототипі бұл да сапаның көрсеткіші. Қазақтың бір мақсаты өзінен асырып ұл тудыру. Содан ғой Құнанбайдың : Абай мықты болса мен сияқты ұл таптырып алсын,- деп қиып түсетіні. Солай. Қазақ арғы танымнан:
«Е, Жаратқан бала бер,
Бала берсең сана бер.
Егер сана бермесең,
Қайтып өзің ала бер, - деп мақалдататыны.
Әр қазақтың шаңырағына бір-бір Сүлеймен нәсіп етсін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Еліміз өркендеп, көркейе берсін. Қаламыз күннен күнге құлпырып, гүлдей жаңара берсін!
Бақберген ДАРИҒА
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)