Қазақстанда той шығынын салық органдары тексере бастады
Фото: depositphotos.com
Қазақстанның салық органдары тойларға жұмсалған қаражаттың заңдылығын тексере бастады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Inbusiness.kz мәліметінше, той шығыны ұйымдастырушының ресми табысына сәйкес келмеген жағдайда тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Қазірдің өзінде Мемлекеттік кірістер комитеті осы бағытта тиісті жұмыстарды бастап кеткен.
Белгілі болғандай, қазақстандықтар көбіне той жасау үшін несие алуға немесе қаражатты ұзақ уақыт жинауға мәжбүр. Дегенмен, енді салық органдары қаражаттың нақты қайдан алынғанын тексеретін болады.
Айта кетсек, бұған дейін қазақстандықтар жаңа салық реформасына наразылық білдіріп, кіріс пен шығындар туралы есеп беру міндеттемесін қатты сынға алған болатын.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)