Жұмыспен қамту орталықтары жойылады

Редакция таңдауы
view 75
news

1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай, Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтары жұмысын тоқтатады. Олардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда Еңбек мобильдігі орталықтары құрылады, деп хабарлайды janabastau.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, Еңбек мобильдігі орталықтары «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР заңы негізінде жұмыс істеп, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларын жүзеге асырады. Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 207 жұмыспен қамту орталығы бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *