Жириновскийге ескерткіш орнатыла ма? Әкімдік жауап берді
Жаңалықтар
343
Фото: Wikimedia Commons, CC BY 4.0
Алматы қаласының әкімдігі 2026 жылы Владимир Жириновскийге ескерткіш орнату туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы әкімдігі бұл мәлімдемені теріске шығарып, мұндай ұсыныс қарастырылмағанын мәлімдеді.
«Оңтүстік астананың мәдениет басқармасына Жириновскийге ескерткіш орнату туралы ешқандай өтініш түскен жоқ. Сонымен қатар, Алматы қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау комиссиясы бұл мәселені қараған емес», деп жауап берді әкімдік Orda.kz агенттігінің ресми сұрауына.
Бұған дейін ТАСС агенттігі саясаткердің 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарының жобасында Алматыда ескерткіш ашу қарастырылғанын хабарлаған еді.
Пікірлер (0)