«Жолға шықпай жатып шимайланды» — LRT тағдыры тағы да талқыда
Сурет: City Transportation Systems ЖШС
Астанада LRT вагондары вандалдардың нысанасына айналды
Назарбаев халықаралық әуежайы маңындағы LRT станциясында тұрған су жаңа вагондардың сыртына белгісіз тұлғалар граффити салып кеткен. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған соң, City Transportation Systems компаниясы вандализм фактісін растады, деп хабарлайды janabastau.kz.
"Вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салынғаны тіркелді. Бұл туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
Олардың айтуынша, вандалдар бояған вагондар арнайы қорғаныс қабатымен жабылған. Соның арқасында бояу негізгі жабынға сіңіп үлгермеген. Қазіргі уақытта граффитиді өшіру және тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, LRT жобасы жылдар бойы аяқталмай, қоғам тарапынан жиі сынға ұшырап келеді. Бұл жолғы оқиға да жұрт арасында түрлі пікір туғызды.
Пікірлер (0)