ҰБТ-дан 140 балл алған оқушы қыз Жанайым Рашид сыйлыққа электрокөлік алды

Жаңалықтар
view 185
news

Сурет: zerdeli.kz/ Рысбек Мәуіт

Педагог Рысбек Мәуіт оған Zeekr маркалы заманауи электр көлікті сыйлаған. 

ҰБТ-дан шекті 140 балл жинаған оқушы қыз Жанайым Рашид темір тұлпар иеленді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Жанайым жеке білім беру орталығында бір жылдан аса дайындалған. Орталық басшысы, педагог Рысбек Мәуіт ҰБТ-да ең жоғары нәтижеге қол жеткізген Жанайымға сый ретінде “Zeekr” маркалы заманауи электрлі көлігін сыйлады.

“Жанайымның жетістігі білімге деген құштарлық пен табандылықтың үлгісі. Ол өз мақсатына шын ниетпен ұмтылды, нәтижесі де соған сай болды. Бұл автокөлік оның еңбегі. Сонымен қатар, еліміздегі барлық оқушыға шабыт сыйлайды деп ойлаймын”, – деді білім беру орталығының негізін қалаушы Рысбек Мәуіт.

Бұл оқиға – 2025 жылғы ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлектердің шабыттандырарлық жетістіктер толқынының бір бөлігіне айналды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *