Тасмағамбетов шұғыл мәлімдеме жасады (видео)

Жаңалықтар
view 795
news

Фото: скрин

Соңғы уақытта қоғамда қызу талқыға түскен Иманғали Тасмағамбетовке қатысты әлеуметтік желілерде тарап кеткен әртүрлі пікірлер мен айыптаулар қоғам назарын аударғаны белгілі. Ел арасында түрлі алыпқашпа әңгімелер өріп, кейбір қолданушылар оның отансүйгіштігіне күмән келтіріп, тіпті «сатқын» деп айыптаған жандар да табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Алайда, мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов бұл жағдайға қатысты алғаш рет ашық мәлімдеме жасап, өз ұстанымын және өмірлік ұстанған қағидаларын қоғамға ашық жеткізді. Ол өзінің жауапты сөзінде халқына, еліне адал қызмет ету – өмірінің басты мақсаты болғанын баса айтты.

«Ақиқат – Алланың алдында анық»

Тасмағамбетов мәлімдемесінде: «Сотқа жүгініп, біреумен дауласып жүрген адам емеспін. Себебі ақтың отын ақымақ өшіре алмайды», – деп, ел арасындағы әділдіктің тек көзге көрінбейтін, бірақ жүрекпен сезілетін құндылық екенін меңзеді.

Қоғам қайраткері әлеуметтік желіде айтылған жалған ақпараттар мен орынсыз кінәлаулардың адам абыройына тигізер әсерін жоққа шығармайды. Бірақ соларға бой алдырмай, сабыр мен парасат биігінен қарайтынын білдірді. Ол «әлеуметтік желінің жылдам таралуы – ар алдындағы жауапкершілікті ұмыттырмауы тиіс» деген ойын нақты айтты.

Қазақстанның әрбір жетістігін – өзінің жеңісі деп санайтынын айтты.

Сонымен қатар ол халқымыздың рухани қолдауын әрдайым сезініп, ел алдындағы жауапкершілікті ұмытпағанын атап өтті. Қызмет барысында ешқашан ұялатындай іс-әрекетке бармағанын айтып, ар алдында да, халық алдында да жүзі жарық екенін сеніммен жеткізді.

Сабыр мен парасат – берекенің бастауы

Қоғамда орын алып жатқан кейбір әділетсіз пікірлерге сабырмен жауап қайтарған Иманғали Тасмағамбетов өзінің әрбір сөзімен елді ауызбіршілікке, парасатқа, ойлы көзқарасқа шақырды. Ол ар мен намысты бәрінен жоғары қойып, елдің тұтастығы үшін күрескен азамат екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ораза айт құтты болсын! деп аяқтаған мәлімдемесінде ол барша халыққа ізгі тілегін білдіріп, бірлік пен амандық тіледі. Иманғали Тасмағамбетовтің бұл мәлімдемесі – көпшілікке ой салар, елдік мүдде тұрғысынан маңызды үндеу болды.

Пікірлер (1)

  • Мая

    Қазақ әскерін, Украйинаға қарсы, соғысқа шақыруы мүмкін бе? Осы жайлы айтпады ғой. Біз ҚАЗАҚТЫҢ АНАЛАРЫ, ҰЛДАРЫМЫЗДЫ УКРАЙИНАҒА ҚАРСЫ СОҒЫСҚА ШАҚЫРУЫНА ҚАРСЫМЫЗ! Біз орыс басқыншыларына қарсымыз! Украйинаеы қолдаймыз! Жасасын УКРАЙИНА!

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *