10 айлық бала ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып кеткен

Жаңалықтар
view 274
news

Сурет: Police.kz

Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарлама түсірді, деп хабарлайды Jаnabastau.kz иілшімі Polisia.kz -ке сілтеме жасап. Сәби үйдің ашық тұрған есігінен шығып кеткені анықталды.

Ведомствоның ақпараттық медиа порталының мәліметінше, таңғы сағат 09.00 шамасында Бәйдібек аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Ол көшеде кішкентай сәбиді тауып алғанын айтқан. Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын анықтау мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады.

"Белгілі болғандай, анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен. Өз кезегінде анасы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді", - деді ІІМ өкілдері.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *