"Басын телефонмен ұрған": Кәсіпорын директоры әйеліне бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылық көрсетіп келген

Жаңалықтар
view 382
news

Фото: “НеМолчи” қоғамдық қорының желідегі парақшасынан алынған

Павлодардағы  “Горкомхоз – Ақсу” ЖШС директоры Ринат Ихиенов әйелі мен баласына көп жылдан бері бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Соңғы рет ұрып-соғу мамыр айының соңында болып, әйел жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Janabastau.kz.

“НеМолчи” қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі дабыл қағып, әйелдің қорға хат жазғанын айтты.
Хат мәтіні бойынша Ақсу кәсіпорнының директоры Ринат Ихиенов деген кәсіпкер бірнеше жыл бойы әйелі мен баласына зорлық көрсетіп келген. Оның полиция мен денсауық сақтау саласында таныстары болған. 26 мамырда бизнесмен әйелін қатты сабаған, басынан жұдырықпен және телефонмен ұрған. Салдарынан жәбірленуші жабық ми жарақатын алып, есінен танып құлайды.
Түнде ол ес-түсін білмейтін әйелін ауруханаға апарады. Өзінің танысы, полиция қызметкері Арсамак Тохтиевті шақырады. Тохтиев зорлық құрбанына көмектесудің орнына ер адамның жағына шығып, әйелді қайтадан күйеуінің қолына тапсырады. 
28 мамырда полицей жәбірленушіні қорғау ұйғарымын шығарып, 30 мамырды Ринат Ихиеновке тек ескерту беріледі.

Күйеуі түнде ұрып-соққан әйелін ауруханаға жеткізген, оған миы шайқалған жабық бассүйек-ми жарақаты, бетінің, жоғарғы және сол жақ төменгі жақтарының көгеруі мен сыдырылуы, жақсүйек аймағының шырышты қабығына қан құйылу диагнозы қойылған. Оқиғадан кейін оған ескерту жасалып, әйел енді өз өмірі үшін қорқады. Павлодар облысының полиция департаменті ұрып-соғу фактісін растады.


“Полиция құқық бұзушымен туыстық қатынаста болған адамға қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты. Материал сотта қаралды. Сондай-ақ, жұбайына қатысты бір ай мерзімге қорғау нұсқамасы шығарылды”, – деп жауап берді облыстық полиция.


Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың бұдан былай бірге тұрмайтыны, олар ажырасу рәсімінен өтіп жатқаны түсіндірілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *