"Әйелге зат сияқты қарайды": Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев ажырасудың басты себебін атады (видео)
Сурет: Фариза Төреәлінің инстаграм парақшасынан
Танымал блогер Фариза Төреәлі мен күйеуі Дархан Нортаев ажырасудың себебі неде екенін айтты. Ерлі-зайыпты отбасылық қарым-қатынас жайында арнвйы видео түсіріп, Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Janabastau.kz.
Видео барысында Фариза Төреәлі оқырман арасында жүргізген сауалнамасының нәтижесімен бөліседі.
"Менің сауалнамам бойынша, ажырасудың көптеген себебі отбасына сырттан адамдардың араласуы екен. Қазақстан ажырасу бойынша әлемдегі 114 мемлекеттің ішінде 16-орында тұр", - деді блогер.
Осы ретте Фариза Төрәлінің жолдасы Дархан Нортаев ажырасу тікелей ер азаматқа байланысты екенін айтып, оқырмандарға бірнеше кеңес берді.
“Бұл ер адамға байланысты. Неге? Өйткені үйленгеннен кейін ол баладан ересек позициясына уақытылы көше білу керек. Ересек позициясы дегеніміз – өз-өзіне, өз отбасына жауапкершілік ала білу. Сырттан ешкімді кіргізбеу. Бұл–менің шекарам, менің отбасым, ешкім кірмейді, өз мәселемді өзім шешемін, әйелімнің және менің арамда болып жатқан жағдай біздің арамызда қалады", - деп айту қажет деді ол.
Сондай-ақ, ол
“Әйел адам –Алладан бізге берілген үлкен аманат. Көп ер адам үйленгеннен кейін әйеліне зат секілді қарайды. Осының бәрі дұрыс болмағандықтан, бір-бірін сүйіп қосылған жастардың ажырасу ықтималдылығы жоғары болады. Сол үшін бәрінің алдын алу керек", - деп ойын қорытындылады.
Пікірлер (0)