11 наурызға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар
view 82
news

11 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды janabastau.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Cиноптиктердің болжамы бойынша, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысында аздаған қар жауады. Облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *