Мереке күндері хирургтар үш донорлық ағзаны ауыстырды

Жаңалықтар
view 141
news

Мереке алдындағы күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтері, кардиохирургтері, анестезиологтері  мен мейіргерлері құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы санавиация бортында Павлодар облысына келді, – деп хабарлайды janabastau.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар Астана қаласында күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды.

«Медициналық зерттеп-қараудан өту нәтижесі бойынша және комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған. Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке кадаверлік бүйректі трансплантаттауды сәтті жүргізді. Реципиент палатаға ауыстырылды,бүгінгі күні оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр», - делінген хабарламада.

Екінші бүйрек балаға Астанадағы Ана мен бала орталығында трансплантатталды. Үшінші ағза - жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жүргізілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *