Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды қолдау үшін Италияға барды

Жаңалықтар
view 80
news

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) барды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Аталған сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда. ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары. Айта кетелік, 9 наурыз күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алып үлгерді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *