11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

Жаңалықтар
view 1679
news

Сурет: Ашық дерекөзден

Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды, деп хабарлайды janabastau.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған. 

Қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы өз үйінде суицид жасаған. 

Мектеп әкімшілігі атап өткендей, жасөспірім жақсы оқыған. Соңғы кездері ешкіммен сөзге келмеген.

– 11-сынып оқушысы өз бөлмесінде өлі күйінде табылды. Ол еш жерде есепте тұрмаған. Суицид дерегіне байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция "Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергеуді бастады, –  делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *