11 жастағы қыздарға екпе салынады
Фото ашық дереккөзден алынды
1 қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы екпе салына бастайды. Бұл жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз жолы.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Екпе білім беру ұйымдарында тегін салынады. Не тіркелген жері бойынша емханалардан да алуға болады. Екпе ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен, арнайы дәрігердің тексеруінен кейін салынады.
Бұл екпені 2013-2014 жылдары Қазақстанда 11 мың қыз салдырған болатын. Бүгінде олардың арасында репродуктивті жасқа жеткендер ешбір ауру белгілерінсіз отбасын құрып жатыр.
Жоспар бойынша 11 жастағы 175 мыңға жуық қыз балаға вакцина егіледі. Екпе дәрілері толық зерттелген және көптеген елде 20 жылдан астам тәжірибеде қолданылып келеді.
Пікірлер (0)