18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымға шықты

Жаңалықтар
view 318
news

Фото: ҰҚК

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания Нұра ауданы, Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөле қабаты бар тұрғын үйді сатылымға шығарды, деп хабарлайды janabastau.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңгені, кепілдік жарна – 117,9 млн теңгені құрайды. Сатылым 25 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді. 

Үйдің фотосуреттері ҰҚК 2022 жылы Кәрім Мәсімов ұсталғаннан кейін жариялаған кадрлармен сәйкес келеді. Құқық қорғау органдары жылжымайтын мүлікті заңсыз алу фактілерін анықтады. 

Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтардағы оқиға кезінде ұсталды. 2023 жылдың сәуір айында Астанадағы сот Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күшпен басып алуға тырысқаны, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *