25 қазан Ұлттық мереке болып бекітілді

Редакция таңдауы
view 189
news

Қазақстанда 25 қазан – Республика күні Ұлттық мереке болып бекітілді. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді: 25 қазанды ұлттық мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу;16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін. Сонымен қатар, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды. Бұған дейін Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен алып тастау мүмкін екені хабарланған болатын. «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деген болатын Президент Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында. Еске сала кетейік, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *