Астанадағы Азия кеңесінің саммиті: ХХІ ғасыр – Азия ғасыры
Редакция таңдауы
197
Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті өз жұмысын бастады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жақында ҚР Сыртқы істер министрлігі биылғы саммитке 50-ге жуық делегация келетінін мәлімдеген болатын. Жоғары деңгейдегі кездесу АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып, Қазақстанның төрағалығымен өтуде. Саммитке мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ұйымдардың, серіктестердің бірінші басшылары шақырылды.
Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады. Осы саммит қазақстандық төрағалықтың басты іс-шарасы, оның ішінде еліміздің төраға ретіндегі екі жылдық жұмысы қорытындыланады. Саммит барысында бірқатар құжаттар мен шешімдер қабылдау жоспарланған. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алтыншы саммитке 11 мемлекет басшысы қатысқан.
12 қазан күнгі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-ні толыққанды ұйымға айналдыру үдерісі басталатынын айтты.
Кеңесті шақыру туралы идеяны алғаш рет сол уақыттағы Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткен болатын. Нәтижесінде бұл идея Ұйым тарапынан және бірқатар Азияның негізгі елдерінен қолдау тапты. АӨСШК Еуразия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, Азия елдері арасында достық, ынтымақтастық пен өзара тиімді қатынастар құруды мақсат етеді.
Жаһан жұрты көз тіккен келелі кеңестің екінші күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды.
Қазақстан Президенті өз сөзінде саммитке қатысушы мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдіріп, бұл Кеңесті құру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Осы кезеңде АӨСШК көпжақты ынтымақтастық платформасына және халықаралық заманауи дипломатия институтына айналды. Мемлекет басшысы ұйымға мүше мемлекеттердің қатарына кірген Кувейтті арнайы құттықтады.
Сонымен қатар әлемдегі геосаяси жағдайға ерекше назар аударды.
– ХХІ ғасыр Азия ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды. Азия номиналды жалпы ішкі өнім мен сатып алу мүмкіндігі бойынша әлемдік экономикалық көшбасшы ретінде мойындалды. Аймақ айтарлықтай адами және табиғи ресурстарға ие. Әлемдегі ең ірі 30 қаланың 21-і Азияда орналасқан. 2030 жылға қарай орта таптың қажетіне жұмсалатын 30 триллион доллардың тек 1 триллион доллары батыс экономикасына тиесілі болмақ. Дегенмен, Азияның болашағы мәдениеттер, дәстүрлер мен дүниетанымдар арасындағы диалогты нығайтуға ұжымдық дайындығымызға байланысты. АӨСШК-ті дамыту үшін қабылданған қадамдар осы мақсатқа сай келетініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)