«Барыс» бүгін елордада «Спартак» командасымен кездеседі

Жаңалықтар
view 22
news

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 32 мәрте шеберлік байқасты. Оның 15-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Спартак» 39 ұпаймен 9-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын елордада 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *