26 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Жаңалықтар
view 22
news

Фото: finanzen100.de

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер нөсер жауын мен қатты желге байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Мамандарының болжамынша, 26 сәуірде ел аумағының көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. 

Солтүстік өңірлерде нөсер жауын жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Тек батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, басқа өңірлерде жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Түнде Батыс Қазақстан (солтүстігінде, шығысында), Қостанай (батысында, солтүстігінде),Ақтөбе (солтүстігінде) облыстарында температура күрт төмендейді. 

Ауа райының құбылмалылығына қарамастан, Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі бар. Сонымен қатар Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының орталық және оңтүстік-шығыс бөліктерінде де өрт қаупі жоғары.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *