Дума депутаты Алматыдағы Жириновский тұрған үйге естелік тақта орнатуды ұсынды
Фото: korrespondent.net
Қазақстанға жұмыс сапарымен Ресей Мемлекеттік думасындағы ЛДПР фракциясы жетекшісінің орынбасары Сергей Леонов келді. Сапар барысында ол Алматыдағы Владимир Жириновский дүниеге келіп, балалық шағын өткізген үйге барды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Үй қаланың дәл орталығында, Масанчи көшесі, 79 мекен жайында орналасқан. Мәліметтерге сәйкес, болашақ саясаткер №3 пәтерде тұрған. Үш бөлмелі пәтер екі қабатты ғимараттың екінші қабатында орналасқан.
Үйді аралағаннан кейін Леонов саясаткердің есімін мәңгі есте қалдыру бастамасын көтеріп, ғимараттың қасбетіне естелік тақта орнатуды ұсынды. Оның айтуынша, бұл сапар Жириновскийдің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында символдық мәнге ие.
Әрине, егер осы ғимараттың қасетінде бұл жерде ұлы ресейлік саясаткер Владимир Вольфович Жириновский дүниеге келгенін білдіретін естелік тақта пайда болса, жақсы болар еді. Сонда бұл тарихи үй туралы көбірек адам біліп, саясаткердің өмірімен жақынырақ танысар еді, – деді ол.
Пікірлер (0)