33 жастағы әйел жалдамалы пәтерден тұрмыстық техниканы ұрлап кеткен

Жаңалықтар
view 406
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Астанада 33 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Астана қалалық полиция департаментің мәліметінше күдікті бикеш пәтерді бірнеше күнге жалға алған. Бір-екі күн тұрған соң пәтерді босатып, өзімен бірге құны 200 мың теңге тұратын «AVA» маркалы теледидарын иемденіп кеткен.

«Тұрмыстық техниканың жоғалғанын үй иесі пәтерді қайта жалға беруге келгенде біліп, содан кейін құқық қорғау органдарына хабарласқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *