500 млн теңге шығын: Алматыда 3 қарақшы кәсіпкерді тонап кетті (ВИДЕО)
Жаңалықтар
100
Фотосурет: видеодан скриншот
Алматыда бетперде киген 3 жігіт кәсіпкерді қорқытып, жалпы құны 500 млн теңгеге тең мүлкі мен ақшасын тонап кеткен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қаскөйлер үй иесін байлап-матап, мылтықпен қорқытқан.

12 қыркүйекте кешке бетперде киген 3 ер адам Медеу ауданындағы үйге ұрлана кірген. Үй иесін мылтықпен қорқытып, тонап кеткен. Залалдың жалпы көлемі – 500 млн теңге. Тонаған соң үйдегі адамдарды байлап, қашып кеткен, – деп хабарлады полиция.
Күдікті ретінде Алматының 2 тұрғыны және Алматы облысының 1 тұрғыны ұсталған. Полиция оларды қамауға алып, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Пікірлер (0)