Атырауда бетперде киген браконьерлер шекара қызметкерлеріне шабуыл жасады
Фотосурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
28 қыркүйекте сағат 14:00-де рейдтік іс-шаралар барысында шекара катері браконьерлердің ірі көлемдегі балық аулау құралдарын тапқан. Кейін шекара қызметіне бетперде киген адамдар шабуыл жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қамыстардың арасынан торларды жинап жатқан кезде катерге қайықпен бетперде киген 4 адам жақындап келген. Олар тоқтау талабын елемей, жоғары жылдамдықпен келіп, катердің сол жақ бортына соққы жасаған. Салдарынан экипаж мүшелерінің бірі суға құлап кетті.
Кейін қаскөйлер беймәлім бағытқа қашып құтылған. Қазір Атырау облысының шекара қызметі департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Мамандар өңір тұрғындарын оқиғаға байланысты кезектен тыс тексерулер барысында сабыр сақтауға шақырады.
Қазір облыста шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар күшейтілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ҰҚК Шекара қызметі заңсыз балық аулауға қарсы күресті жалғастырып жатыр.
Пікірлер (0)