"514-бұйрықты да қайта қарау керек" деген белсенді педагог министрге ұсыныс жасады
Жаңалықтар
35
Фотосурет ашық дереккөзден
Белсенді ұстаз Тілекқабыл Нұрышов Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға арнайы ұсыныс жасады, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі
"Бұл жазбаның мазмұны енді Жұлдыз Сүлейменова қарындасым, Сізге арналады. Мектеп - мемлекеттің айнасы.
Әр мектепте тек қана білім саясаты ғана жүзеге асуы керек. Қолдан жасалған "жұлдыздар" бұл саясатқа кері әсерін береді.
Педагог - шеберлерге қойылатын талап нақтыланып, күшейтілуі керек. Қазіргі таңда жалпы білім беретін пәндердің олимпиадасы мен ғылыми жобасының тек қана қалалық (аудандық) кезеңінде бес жылда бір рет орын алғандар (әрине, барлығы емес) шебер - педагог мәртебесін алып жүргені, облыс пен республикалық кезеңді айтпай-ақ қоялық. 514-бұйрықты да қайта қарау керек болар...
Сондай-ақ, тек мектеп басшыларын ғана емес, олардың орынбасарлары мен педагогтердің ротация жасау жағы қарастырылған дұрыс болады.
Себебі, бір мектепте 10, 15, 20, 25 жыл жасап, өздерін сол мектептің "қожайындары" сияқты сезінетін әріптестеріміз де баршылық екені, ешкімге құпия емес...
Әзірге, алғашқы ұсыныс..."деп жазды Тілекқабыл Нұрышов.
Пікірлер (0)