6 маусымда алты қалада ауа сапасы нашарлайды

Редакция таңдауы
view 54
news

6 маусымда алты қалада ауа сапасы нашарлайды, - деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап. Қазгидромет мәліметінше, 6 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Астана және Атырау қалаларында метеорологиялық жағдайлар қолайсыз болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *