Астананың қоғамдық көлігінде жол ақысын төлеудің тағы бір тәсілі пайда болды

Жаңалықтар
view 76
news

Елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын треккинг функциясының көмегімен төлеуге болады, деп хабарлайды janabastau.kz CTS-ке сілтеме жасап. Ол үшін «Avtobys» мобильді қосымшасының картасынан автобусты таңдау қажет. Трекингпен төлеу үшін: - маршруттар бөліміне өтіңіз; - қажетті бағдарды таңдаңыз; - белгішені басу арқылы автобусты таңдаңыз; - төлеу функциясын басыңыз; - төлемді растаңыз. Төлем «Avtobys» қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген жағдайда) алынады. Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады. Естеріңізге сала кетейік, елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын: - көлік картасы; - QR-код сканерлеу; - Bluetooth арнасы; - банк картасы; - NFC құрылғылары; - автобустың борт нөмірі; - трекинг функциясы арқылы төлеуге болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *