Диляра Аленова ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

Жаңалықтар
view 32
news

Диляра Аленова ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды janabastau.kz. Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген. Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді. «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы, Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *