Абай облысындағы орманнан тағы өрт шықты
Абай облысы ТЖД
2024 жылғы 26 сәуірде «Семей орманы» МОТР Бородулиха филиалы Дмитрев орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы орман өртін анықтады, деп хабарлайды janabastau.kz Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына орман күзетінен 7 бірлік техника мен 11 адам шықты. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан кейін алгоритмге сәйкес өрт туралы ақпарат Абай облысы ТЖ департаментіне жіберілді.
Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және табиғи резерватынан 36 адам мен 9 бірлік техника жұмылдырылды.
Бұл аймақ батпақты, жетуі қиын жерде орналасқан.
Семей қаласынан қосымша Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 21 адам және 6 бірлік техника жіберілді.
Өрттің ауданы нақтылануда. Өрт сағат 15.04-те алдын ала 0,22 га аумақта оқшауланды.
Пікірлер (0)