Абай және Достық көшелеріндегі 4 үй су астында қалды
Фотосурет: вмдеодан кадр
Пригородный ауылдық округінің Камышенка ауылында Октябрьское ауылының маңындағы Андреевка ауылдық округінің бөгетінің бұзылуына байланысты Абай және Достық көшелеріндегі 4 үй су астында қалды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұл үйлердің тұрғындары «КОМАГРО» ЖШС кеңсесінің ғимаратына көшірілді. Ауылда барлығы 75 адам, 36 аула тұрады.
Су басқан учаскеде үйлерді судан қорғау үшін Шортанды ауданының ТЖБ және ӨЖ күштері, жергілікті халықтан 13 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Аудан әкімі Камышенка ауылының тұрғындарымен кездесті. Сағындық Шабаров: "Андреевка ауылынан отыз бес адам эвакуацияланды", - деді.
Тасқын су Жолымбета-Пригородное бағытында жолды шайып кеткен. "Основная" бөгетін осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмыстарынан өтпегенін айтып, жергілікті министрлікке шағымданған. Алайда тұрғындардың өтініш-тілектерін қанағаттындырмаған. Бұл аталған бөгет апатты жағдайда тұр, деді жергілікті тұрғындар.
Новокавказское су құбырының эрозиясы байқалады. Қатты эрозия салдарынан жол жиегінің бір бөлігі опырылып, жол бөлігінің құлау қаупі бар.
Егер апаттық жағдайда бөгет қирайтын болса мына ауылдар зардап шегуі ықтимал.
Петровка ауылында 312 үйде 1020 адам тұрады. Андреевка ауылында 810 адам тұрады, 288 шаруашылық бар. Ал Октябрьское ауылында 240 адам тұрады, 103 шаруашылық бар. Апаттан зардап шегуі мүмкін тағы бір ауыл Қара – Адыр стансасында – 237 адам, 60 шаруашылық бар. Және Пригородное ауылында 306 шаруашылық, 1022 адам тұрады. Барлық ауылда ауыр науқастар мен босанатын әйелдер жоқ.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылған барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.
2-12-13, 2-14-70
+7(777)620-41-00, +7(776)732-96-96
Пікірлер (0)