Абай облысындағы өртке қатысты жаңа деректер айтылды

Редакция таңдауы
view 79
news

Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ге жуық адам, 350-ден астам бірлік техника жұмылдырылған. Сонымен қатар тікұшақтар өрт аумағына аэровизуалды тексерулер жүргізіп, өрт ошақтарына су ағызуды жалғастырып жатыр. «Өткен тәулікте барлығы 535 рет көлемі 1 600-ге жуық тоннадан астам су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су төгілді. Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 179 қоңырау келіп түсті», делінген ведомство хабарламасында. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін 14 маусымда Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар солтүстік, солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+130С, күндіз +20+250С болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *